22 Apr, 2026

Петропавл төріндегі жеңіс: Әрінхан Айша республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды!

22 Apr, 2026

Петропавл қаласында ағылшын, неміс және француз тілдері пәндері бойынша республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі болып өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік лингвистер бақ сынасқан бұл білім бәйгесінде Астана қыздар лицейінің намысын қорғаған шәкіртіміз биік шыңнан көрінді.

Лицейіміздің 11-сынып оқушысы Әрінхан Айша ағылшын тілі пәнінен жоғары тілдік шеберлігі мен терең білімін көрсетіп, тартысты додада жүлделі ІІ орынды (күміс медаль) иеленді. Айшаны осынау жауапты жарысқа баптап қосқан жетекшісі — лицейіміздің тәжірибелі де білікті ұстазы Даниярова Алмагүл.

Лицей ұжымы жеңімпаз оқушымызды, оның ата-анасын және білім шыңына жетелеген жетекші ұстазын осынау айтулы табысымен шын жүректен құттықтайды!

«
»