Лицейіміздің оқушылары әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарынан білім гранттарын ұтып алып, мектебіміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруды жалғастыруда.
Бүгін білім ордамыз кезекті жарқын сүйінші хабармен толықты. Лицейіміздің дарынды 11-сынып оқушысы Рахымқызы Әсия әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары рейтингке ие беделді The Chinese University of Hong Kong, Shenzhen университетінің оқу ақысын толық қамтитын 100% Full Tuition Scholarship грантын жеңіп алды!
Жаһандық стандарттарға сай білім беретін, халықаралық деңгейдегі бәсекелестік өте жоғары оқу орнынан осындай ірі грант ұтып алу – Әсияның терең академиялық ізденісінің, еңбекқорлығы мен интеллектуалдық әлеуетінің айқын дәлелі.
Лицей ұжымы Әсияны, оның ата-анасы мен білім биігіне жетелеген ұлағатты ұстаздарын осынау үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтайды!