Лицейімізге 6 сынып бітірген, қабылдау конкурсынан өткен қыз балалар қабылданады. Құжаттарды қабылдау рәсімі 2026 жылғы 1 ақпаннан 26 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге асырылады. Үміткердің заңды өкілдері www.bilemtihan.kz сайтындағы онлайн-форманы және конкурсқа қатысу өтінішін толтырады. Емтихан күні: 2026 жылдың 17 мамыры.
Нәтижелер үшін тек жауап парақтарында белгіленген жауаптар есепке алынады, Сұрақ кітапшаларында жазылған ақпарат есепке алынбайды.
Емтихан нәтижесі 2026 жылдың 25 мамырында жарияланады. Ата-аналар (немесе басқа заңды өкілдері) сайтта өздерінің жеке коды бойынша нәтижелерін көре алады.
Қабылдау емтиханы
Үміткер 60 тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады:
Тапсыру тілі: қазақша немесе орысша
Тестілеуге 110 минут беріледі.
Емтиханның сұрақтары мысалдарымен осы сілтемеден көре аласыздар:
6 сынып бітірген қыз балалар кіре алады.
Тіркелсеңіз де барлық қабылдау емтихандары барлық лицейлерде бір уақытта болғандықтан тек бір жерден ғана емиханға кіре алады.
Уақытты үнемді қолдану; оңай сұрақтардан бастау; кейін қиындарына жауап беру; жауап парақшасын толтыруға кемінде 10 минут жұмсап өте мұқият толтыру (аппеляцияға тек жауап парағына жазылған жауаптар ғана қабылданады). Емтиханнан 1 күн бұрын бала жақсылап тынығып алғаны дұрыс, емтиханға барар алдында асқазанына кері әсер беруі мүмкін ас жемегені абзал.
Тіркелгеннен кейін үміткерге суреті бар тіркелу парағы беріледі (немесе онлайн тіркелсеңіз шығарып аласыз), су, калам-қарындаш. Осыдан басқасына рұқсат етілмейді.
Емтихан 10:00-де басталса да 09:00-ден кешікпей келулеріңізді сұраймыз. Осы уақыт арасында түсіндіру жұмыстары мен орналастыру кезеңі болады. 10:00-ден кешігіп келгендер емтиханға қабылданбайды. Емтихан басталды дегеннен бастап қосымша уақыт берілмейді
Сұрақтар математика-логика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы 6 сыныптарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру бағдарламасына сәйкес жасалынған. Көбірек математика-логика сұрақтыры болғандықтан дайындықты ертерек бастап, осыған сәйкес сұрақтарға дайындалуға болады.