Киелі Түркістан қаласында «Білім-Инновация» лицейлерінің оқушылары арасында дәстүрлі республикалық BILYMPIC спорттық ойындары болып өтті. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты спортшылар бақ сынасқан бұл тартысты додада Астана қыздар лицейінің құрама командасы үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралды.
Интеллектуалдық, үстел үсті және ұлттық спорт түрлерінен лицей намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшы қыздарымызды мақтанышпен атап өтеміз:
🥈 Күміс жүлдегерлер (ІІ орын):
-
Қуандыкова Айша (9 «А» сыныбы) — Тоғызқұмалақ (ұлттық ойын)
-
Сасыкова Меруерт (9 «Д» сыныбы) — Шахмат
-
Әбдіхалық Асима (9 «С» сыныбы) — Бес асық (ұлттық ойын)
🥉 Қола жүлдегерлер (ІІІ орын):
-
Шортан Айсана (9 «Д» сыныбы) — Үстел теннисі
-
Русланқызы Аяужан (9 «А» сыныбы) — Шахмат
-
Мұрат Амина (11 «А» сыныбы) — Үстел теннисі
Бұл жетістік — қыздарымыздың тек тек білімде ғана емес, спортта да жан-жақты дамыған, нағыз сегіз қырлы, бір сырлы шәкірт екендіктерінің айқын дәлелі.
Лицей ұжымы жеңімпаз спортшыларымызды, оларды жарысқа баптап қосқан жетекшілері мен қолдау көрсеткен ата-аналарын шын жүректен құттықтайды! Қыздарымызға алдағы уақытта да спорт майданында да, білім бәйгесінде де үлкен белестерді бағындырып, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!