17 Apr, 2026

Робототехникадағы биік белес: Лицейдің «Moving Eleven» командасы республикалық жарыста топ жарды!

17 Apr, 2026

2026 жылғы 10–11 сәуір күндері еліміздің дарынды жас инженерлері мен өнертапқыштарының басын қосқан республикалық «Bilim Shyny FIRST Off-Season» робототехника жарысы болып өтті. Заманауи технологиялар мен инновациялық идеялар бәсекеге түскен бұл тартысты додада Астана «Білім-Инновация» қыздар лицейінің намысын қорғаған «Moving Eleven» командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі оралды.

Командалық ынтымақтастық пен техникалық шеберлікті ұштастыра білген қыздарымыз жарыс қорытындысы бойынша ең беделді номинациялардың бірі — «CORE VALUES AWARD WINNER» (Негізгі құндылықтар марапаты) номинациясын жеңіп алып, арнайы сертификатпен марапатталды.

Бұл марапат — лицей оқушыларының робототехника саласындағы тек жоғары техникалық дайындығын ғана емес, сонымен бірге өзара сыйластық, табандылық, өзекті мәселелерді бірлесе шешу қабілеті мен нағыз мықты командалық рухын айқын дәлелдеп берді.

Лицей ұжымы «Moving Eleven» командасының мүшелерін, оларды жарысқа баптап қосқан жетекші ұстаздарын және әрдайым қолдау көрсеткен ата-аналарды осынау зор жетістігімен шын жүректен құттықтайды!

«
»