Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі аяқталып, Астана қаласының «Білім-Инновация» қыздар лицейінің дарынды шәкірттері кезекті рет жоғары дайындық пен терең білімдерін дәлелдеп шықты. Білім бәйгесінде бақ сынаған қыздарымыз үздік нәтиже көрсетіп, лицей мерейін асқақтатты.
Соңғы жылдардағы көрсеткіштер динамикасына көз жүгіртсек, лицейіміздің жетістігі жыл санап артып келеді. Салыстырмалы түрде айтсақ:
-
2021-2022 оқу жылында – 28 жүлде
-
2022-2023 оқу жылында – 31 жүлде
-
2023-2024 оқу жылында – 41 жүлде
-
2024-2025 оқу жылында – 38 жүлде
-
2025-2026 оқу жылында – рекордтық 43 жүлде!
Осы бес жыл ішінде лицей қоржынына жалпы алғанда 181 марапат (32 алтын, 74 күміс, 75 қола) енді. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша соңғы хаттамалар нәтижесінде 10 алтын, 15 күміс және 18 қола медаль иелендік.
Төменде білім додасында топ жарған лицей мақтаныштарының есімдерін мақтанышпен атап өтеміз:
🥇 Алтын медаль иегерлері (І орын):
-
Химия: Нұрлан Гаухар (9-сынып), Туманова Анель (10-сынып)
-
Қазақ тілі мен әдебиеті: Тұрсынәлі Аяс (9-сынып), Хамитова Лаура (11-сынып)
-
Орыс тілі мен әдебиеті: Смағұл Әдия (10-сынып)
-
География: Мухтарханова Сара (11-сынып)
-
Ағылшын тілі: Лау Камила (10-сынып), Әрінхан Айша (11-сынып), Даулетхан Қарақат (11-сынып)
-
Биология: Серік Аяулым (11-сынып)
🥈 Күміс медаль иегерлері (ІІ орын):
-
Құқық негіздері: Нұрдалы Назым (10-сынып)
-
Математика: Абдрахманова Айгерим (9-сынып)
-
География: Ашигалиева Румия (9-сынып), Нұрбек Әлия (10-сынып)
-
Химия: Мейіржанқызы Қымбат (10-сынып)
-
Физика: Кишкенбаева Альнура (10-сынып), Сабит Асима (10-сынып)
-
Орыс тілі мен әдебиеті: Лим Сафия (11-сынып)
-
Ағылшын тілі: Сахи Аружан (9-сынып), Алимбаева Дария (9-сынып), Сабыржан Амира (10-сынып)
-
Қазақ тілі мен әдебиеті: Нұрланова Гүлнәзи (10-сынып), Даумбекова Нұрзада (11-сынып)
-
Биология: Әсен Ләйлә (10-сынып), Ауханова Адель (9-сынып)
🥉 Қола медаль иегерлері (ІІІ орын):
-
Қазақстан тарихы: Асыл Дильназ (9-сынып)
-
Орыс тілі мен әдебиеті: Абдыазиз Адия (10-сынып), Баяндина Айша (11-сынып)
-
Ағылшын тілі: Ермахан Жания (10-сынып), Байдуйсен Ельдана (11-сынып)
-
Физика: Әбдіхалық Асима (9-сынып), Орманова Томирис (11-сынып)
-
Биология: Ералина Айзере (9-сынып), Лукашевич Сафия (9-сынып), Әділбек Нурикамал (10-сынып), Бақытжанқызы Айман (10-сынып), Апсеитова Аяжан (11-сынып), Қасен Айым (11-сынып), Рахымқызы Әсия (11-сынып)
-
Химия: Ертарғын Кәусария (9-сынып), Шаяхмет Амина (9-сынып), Жусупбекова Зайна (10-сынып)
-
Математика: Асылхан Алима Нұр (9-сынып)
Жеңімпаз шәкірттерімізді, оларды білім биігіне жетелеген ұлағатты ұстаздарымызды және әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдірген ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға алдағы уақытта да республикалық кезеңде және өзге де додаларда толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!