Білім ордамыздың мақтанышы, 11-сынып оқушысы Қойлыбай Шәрбат әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары рейтингке ие Гонконгтың бірнеше беделді университетінен шақырту алып, қомақты гранттар жеңіп алды.
Шәрбаттың академиялық шеберлігі мен еңбегінің нәтижесінде бағындырған белестері:
-
Education University of Hong Kong — Оқу ақысын, жатын орнын және өмір сүру шығындарын толық өтейтін ең жоғары Full Ride Scholarship гранты (құны 240 000 HK$).
-
The Chinese University of Hong Kong — Оқу ақысын 100% қамтитын Full Tuition Scholarship гранты (құны 214 000 HK$).
-
City University of Hong Kong — Оқу құнын толық өтейтін Full Tuition Scholarship гранты (құны 190 000 HK$).
-
Chinese University of Hong Kong, Shenzhen — Оқу ақысының жартысын жабатын Half Tuition Scholarship гранты (құны 70 000 HK$).
-
Hong Kong Baptist University — Әлемдік деңгейдегі оқу орнынан ресми оқуға қабылдау туралы ұсыныс хаты (Offer).
Лицей ұжымы Шәрбатты, оның ата-анасы мен білім берген ұстаздарын осынау айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтайды!