05 May, 2026

Даумбекова Нурзада Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

05 May, 2026

Астана қаласының «Білім-Инновация» қыздар лицейінің дарынды шәкірттері республикалық деңгейдегі додаларда озық білімдерін дәлелдеуді жалғастыруда. Намысты бәйгеде бақ сынаған лицейіміздің 11-сынып оқушысы Даумбекова Нұрзада кезекті жарқын жеңісімен қуантты.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің беделді додасы — Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадада Нұрзада жоғары дайындық пен ерекше талантын көрсетіп, ІІІ дәрежелі Дипломмен (қола медаль) марапатталды.

Бұл үлкен жетістіктің артында шәкірттің қажырлы еңбегі мен ұстаздың ұлағатты тәлімі тұрғаны анық. Нұрзаданы додаға қосқан және білім биігіне жетелеген жетекшісі — лицейіміздің білікті ұстазы Абдрашева Қызғалдақ Оразаевна.

Лицей ұжымы Нұрзаданы, оның жетекшісі мен әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдірген ата-анасын осынау айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтайды!

«
»