Қазақстандағы барлық БИЛ-дер арасында өткен Біріңғай тестілеу сынағы (БТС-1) қорытындысы бойынша лицейіміздің 26 оқушысы Үздік 100 оқушының қатарына енді. Бұл – лицей ұжымының еңбегін, білім сапасының жоғары деңгейін және оқушылардың табандылығы мен жауапкершілігін айғақтайтын үлкен жетістік.
🔹 Үздік жүздікке енген оқушыларымыздың арасында 7–9-сынып оқушылары бар. Олар жоғары дайындық пен білімге деген ынтасының арқасында республикалық деңгейде өздерінің үздік нәтижелерін көрсетті.
📖 Сонымен қатар, лицей ішінде сыныптар арасындағы қорытынды бойынша үздік сыныптар да марапатталды. Бұл марапат оқушыларды жаңа белестерге ұмтылуға, өз сыныбының абыройын арттыруға ынталандырады.
Лицей әкімшілігі мен ұстаздар қауымы үздік нәтижеге қол жеткізген барлық оқушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім бәйгесінде табыс пен жеңістер тілейді! 🌟