Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға арналған дәстүрлі «Жас көшбасшы – 2025» құрылтайы жоғары деңгейде өтті.
Бұл маңызды шарада еліміздің әр өңірінен келген жас көшбасшылар жиналып, білім мен тәжірибе алмасып, өз жобалары мен идеяларын ұсынды.
Біздің лицейдің президенті, 10-сынып оқушысы Рахымжан Адиля Жасұланқызы өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділері арасында ерекше көзге түсті. Ол көшбасшылық қасиетімен, білімділігімен және бастамашылдығымен танылып, қатысушылар мен ұйымдастырушылардың жоғары бағасына ие болды.



