Жаңа оқу жылы лицейімізде белсенді оқушылардың бастамалары мен жаңа жобаларға толы кезең болмақ. 2025–2026 оқу жылында «Өзін-өзі басқару ұйымының» жаңа құрамы анықталып, әр бағыт бойынша жетекшілер мен министрлер сайланды.
Өзін-өзі басқару ұйымының басты мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мектеп өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау және оқу ордамыздың мәдени, спорттық, танымдық өмірін жандандыру.
Жаңа құрам мынандай бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- 🎓 Мектеп президенті: Рахымжан Адиля
- 🤝 Вице-президент: Әділхан Зерде
- 📚 Білім министрлері: Мейіржанқызы Қымбат, Қаныбек Айша
- 🎭 Мәдениет министрлері: Жакип Мариям, Тасқынғали Нұрай
- 💫 Құндылық министрлері: Надирова Амина, Қуатова Азеля
- 🗞 Ақпарат министрлері: Дәулетханқызы Ханшайым, Назарбек Аяулым
- ⚽ Спорт министрі: Қажыбекқызы Перизат
- 🎨 Үйірме және Арт министрлері: Төлебай Жібек, Жанабек Айару
- 🏠 Жатақхана министрі: Қайратова Рауана
Жаңа құрам алдағы уақытта лицейде түрлі әлеуметтік, мәдени және экологиялық жобаларды жүзеге асырып, оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырмақ.
📍 Лицей әкімшілігі мен ұстаздар қауымы жаңа құрамға табыс тілеп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі!