Біздің лицейдің мақтаныштары – Мұрат Мерей, Азиева Асия, Дәулетхан Қарақат және Саутпаева Жәмиля халықаралық IELTS емтиханынан жоғары нәтиже көрсетіп, 8.0 балл иеленді.
Бұл көрсеткіш – оқушылардың үздік дайындық деңгейін, ағылшын тілін терең меңгергенін және білімге деген жауапкершілігі мен еңбегінің жемісін дәлелдейді.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы шәкірттеріміздің жетістігіне зор қуаныш білдіріп, олардың табысын басқа оқушыларға үлгі боларлық мысал деп бағалады.
✨ Мақтан тұтамыз!