Бүгін лицейге ерекше қонақ – IELTS емтиханынан 9.0 балл алған, Қазақстандағы бұл нәтижеге жеткен жалғыз қыз және әлемдегі ең жас IELTS сарапшысы Сая Кидирали келді.
Сая оқушылармен кездесу барысында өз жетістік жолы және ағылшын тілін үйренудегі тиімді тәсілдерін бөлісті. Ол IELTS емтиханына дайындықтың ерекшеліктерін, уақытты дұрыс жоспарлау мен өз-өзіне сенудің маңызын атап өтті.
Кездесу барысында оқушылар спикерге сұрақтарын қойып, халықаралық емтихандарға дайындық, мотивацияны сақтау және шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды.
Бұл кездесу жастарға еңбек пен сенімнің күші арқылы кез келген мақсатқа жетуге болатынын көрсетті.


