30 Nov, 2025

Қарағандыда БИЛ ата-аналары арасында волейбол жарысы өтті 🏐✨

30 Nov, 2025

Қарағанды қаласында Білім инновация лицейлерінің Орталық аймақтық ата-аналар волейбол жарысы өтті. Бұл сайыс достық пен ұйымшылдықты нығайтып, ата-аналар қауымының белсенділігін арттыруға бағытталды.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Біздің лицейдің ата-аналары жаңа құраммен қатысып, жақсы ойын көрсетіп, құнды тәжірибе жинақтады. 💪💛

Іс-шараның басты мақсаты – спорт арқылы ата-аналардың өзара байланысын күшейтіп, салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Лицей ұжымы жарысты ұйымдастырған Қарағанды қыздар БИЛ әкімшілігіне, ұстаздары мен ата-аналарына шексіз алғыс білдіреді! 👏

Осындай ортақ шаралар арқылы БИЛ қауымдастығының бірлігі мен рухы одан әрі нығая түсуде. 🌟

«
»