Бүгін лицейімізге Қазақстанда робототехника, жасанды интеллект және дрон технологияларын дамытуға үлес қосып жүрген Асылбек Мұрзахметов қонаққа келді. Ол – Firstroboticskz және wso.space жарыстарының ұйымдастырушысы, сондай-ақ ustem_foundation және ashyqaspan.kz қорларының негізін қалаушы.
Кездесу барысында Асылбек мырза лицейіміздің @hotwheels.ftc, @stayhydratedfll және @moving_eleven_fll атты қыздар командаларымен жүздесіп, олардың алдағы жарыстар мен жобаларға дайындығын талқылады.
Қонақ оқушыларға шабыт беріп, табандылық пен жаңашылдықтың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, қыздарға алдағы сайыстарда сәттілік тілеп, Қазақстандағы жас таланттардың әлеуетіне сенетінін жеткізді. 🌟


