04 Nov, 2025

Лицейіміз аттестаттаудан сәтті өтті

04 Nov, 2025

2025 жылдың 23 қазан мен 3 қараша аралығында лицейімізде мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Аттестаттау комиссиясы оқу-тәрбие процесінің сапасын, білім беру стандартының сақталуын және педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін жан-жақты бағалады.

Тексеру қорытындысы бойынша лицейіміз мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.

Бұл — оқу ордамыздың жоғары білім сапасын, ұстаздар мен тәрбиешілердің еңбегін және оқушылардың табандылығын дәлелдейтін үлкен жетістік.

Біз лицей ұжымын, ұстаздар мен қызметкерлерді, ата-аналар мен оқушыларды осы маңызды жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!

Лицейіміз алдағы уақытта да сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты мақсат етіп, табысты жұмысын жалғастыра береді.

«
»