13 Sep, 2025

Ата-аналарға арналған дәстүрлі “Қош келдіңіздер!” кеші өтті

13 Sep, 2025

13 қыркүйек күні дәстүрге айналған 8-сынып ата-аналарының ұйымдастыруымен 7-сынып ата-аналарына арналған “Қош келдіңіздер!” атты мерекелік шара өтті. Шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, таныстық пен достықты арттыру болды.

Кеш спорттық көңіл-күйде өтіп, 7-сынып ата-аналары арасында түрлі жарыс ұйымдастырылды. Әкелер арасындағы шахмат жарысы ерекше тартысты өтті:
🥇 1-орын – Сәрсен Дэмис
🥈 2-орын – Карин Абсалям
🥉 3-орын – Надиров Нұрбек

Аналар да өз шеберліктерін көрсетіп, шахматтан бақ сынады:
🥇 1-орын – Хаймудьдинова Гүлнұр
🥈 2-орын – Ахметова Гүлзат
🥉 3-орын – Шарипова Гүлнара, Абдуляисова Айгерім

Сонымен қатар, волейбол жарысы да ерекше қызықты өтті. Нәтижесінде:
🥇 1-орын – 7D сыныбы,
🥈 2-орын – 7В сыныбы,
🥉 3-орын – 7А сыныбы иеленді.

Жарыстан кейін қатысушылар дәстүрлі шашумен қарсы алынып, дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, ән айтып, би биледі. Кеш достық пен көтеріңкі көңіл-күйге толы болып, ата-аналар арасында жылы байланыс орнатуға себеп болды.

“Қош келдіңіздер!” шарасы – ата-аналардың ұйымшылдығы мен ауызбіршілігін күшейтіп қана қоймай, балаларға үлгі боларлық маңызды дәстүрге айналды.

«
»