01 Sep, 2025

«Лицейім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті

01 Sep, 2025

1 қыркүйек – Білім күніне орай лицейімізде 7–11 сынып оқушыларына арналған «Лицейім – мейірім мекені» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Жиында әр сыныпқа сынып жетекшілері мен тәрбиешілер таныстырылды.

Алғашқы қоңырау дәстүрлі түрде үздік аттестат пен «Алтын белгі» үміткері Хамитова Лаураға және 7-сыныпқа қабылдау емтиханында ең жоғары балл жинаған Ысқақ Аидаға берілді.

Салтанатты жиын оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, жаңа оқу жылын ынтамен бастауға шабыт берді.

«
»