Оқу жылының аяқталуымен қатар келетін, білім ордамыздың ең айтулы әрі салтанатты мерекелік іс-шарасы – «БИЛАСТАНАҚЫЗ ЖҰЛДЫЗДАРЫ 2026» қорытынды кеші жоғары деңгейде болып өтті. Бұл кеш – жыл бойы лицейіміздің абыройын асқақтатып, білімде, спортта, ғылым мен шығармашылықта ерен еңбек көрсеткен тұлғаларды ұлықтауға арналған маңызды белес.
Салтанатты шара аясында лицейіміздің дамуына, шәкірттердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуына зор үлес қосқан қауым арнайы номинациялармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
-
Ұлағатты ұстаздар мен қызметкерлер: Жыл бойы жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, лицейдің ішкі тыныс-тіршілігін дөңгелеткен, республикалық және халықаралық додаларға шәкірт баптаған білікті мамандар;
-
Үздік әрі дарынды оқушылар: Олимпиадаларда, халықаралық емтихандар мен жобаларда топ жарып, әлемнің және еліміздің маңдайалды университеттерінің гранттарын иеленген лицей мақтаныштары;
-
Белсенді ата-аналар: Мектеп өміріне әрдайым қолдау көрсетіп, лицеймен тығыз байланыста жұмыс істеген, ортақ іске атсалысқан ата-аналар қауымы.
Бұл марапаттар – бірлесе атқарған қажырлы еңбектің, табандылық пен бірліктің жарқын жемісі. Аталмыш кеш лицей ұжымының тек білім ұясы ғана емес, бір мақсатқа жұмылған үлкен әрі тату отбасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Лицей әкімшілігі барша марапат иелерін – ардақты ұстаздарымызды, аяулы шәкірттерімізді және арқасүйер ата-аналарымызды осынау жоғары танымалдылықтарымен шын жүректен құттықтайды!






