11-сынып оқушысы Мухтарханова Сара халықаралық білім аренасында тағы бір мәрте топ жарды. Дарынды шәкіртіміз әлемдік рейтингте озық орындарымен танымал Гонконгтың бірнеше беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алып, ең жоғары деңгейдегі гранттарға ие болды.
Сараның академиялық жоғары көрсеткіштері мен ізденімпаздығының нәтижесінде бағындырған биіктері:
-
City University of Hong Kong — Әлемдік деңгейдегі жетекші зерттеу университетінің оқу ақысын толық қамтитын 100% Full Tuition Scholarship гранты.
-
The Education University of Hong Kong — Азия өңіріндегі білім беру саласы бойынша көшбасшы оқу орнының 100% Full Tuition Scholarship гранты.
-
The Chinese University of Hong Kong, Shenzhen — Үздік әрі дарынды халықаралық талапкерлерге ғана берілетін беделді Inspirational Scholarship гранты.
Гонконгтың ең таңдаулы университеттерінен бір мезетте осындай қомақты білім гранттарын ұтып алу — шәкіртіміздің терең интеллектуалдық әлеуеті мен лицейіміздегі сапалы білім беру жүйесінің жарқын айғағы.
Лицей ұжымы Сараны, оның отбасы мен білім берген барша ұстаздарын осынау айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтайды!