Лицейіміздің дарынды түлектері отандық және халықаралық деңгейдегі жетекші жоғары оқу орындарының гранттарын иеленіп, білім ордамыздың абыройын асқақтатуды жалғастыруда.
Бүгін білім қоржынымыз тағы бір жарқын жетістікпен толықты. Лицейіміздің 11-сынып оқушысы Жанибек Адия Ұлыбританияның беделді Coventry University университетінің Қазақстандағы кампусына (Coventry University Kazakhstan) 100% ішкі грантқа оқуға түсті!
Адия болашақта жаһандық экономика мен менеджмент саласының қыр-сырын меңгеру үшін «International Business Management» (Халықаралық бизнесті басқару) мамандығын таңдады. Әлемдік стандарттарға сай білім беретін оқу орнынан мұндай жоғары грант ұтып алу — шәкіртіміздің терең білімі мен талмай ізденісінің айқын жемісі.
Лицей ұжымы Адияны, оның ата-анасы мен оған сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздарын осынау үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтайды!