06 Dec, 2025

Лицейде ата-аналарға арналған педагогикалық консилиум өтті 👨‍👩‍👧📚

06 Dec, 2025

6 желтоқсан, сенбі күні лицейде ата-аналарға арналған педагогикалық консилиум ұйымдастырылды. Бұл кездесудің басты мақсаты – ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайту болды.

Іс-шара барысында ата-аналар қыздарының оқу үлгерімі, пәндер бойынша жетістіктері, жеке қабілеттері мен даму бағыттары жайлы мұғалімдерден жан-жақты ақпарат алды. Әр ата-ана өз баласының оқу барысын талқылап, келешекке арналған ұсыныстар мен кеңестермен бөлісті.

Мұндай кездесулер лицей мен ата-аналардың бірлесе жұмыс істеуіне, оқушының табысты дамуына зор мүмкіндік береді.

Лицей әкімшілігі мен педагогикалық ұжым белсенді қатысып, қызығушылық танытқан барлық ата-аналарға алғыс білдіреді! 🌿

«
»