9 қараша күні лицейде “Цифрлық дәуірдегі әке: телефон, әлеуметтік желі және қыздың жеке кеңістігі” тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Іс-шара психолог Ержан Мырзабаевтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – ата-аналар мен оқушыларға заманауи ақпараттық ортадағы қауіптер мен мүмкіндіктер туралы түсінік беру, әке мен қыз арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызын көрсету болды.
Кездесу барысында қатысушылар келесі өзекті мәселелерді талқылады:
- цифрлық замандағы әкенің рөлі мен жауапкершілігі;
- әлеуметтік желілердің бала психологиясына әсері;
- жеке кеңістік пен шекара ұғымының маңызы;
- отбасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту жолдары.
Іс-шара жылы әрі ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар пайдалы ақпарат алып, өз тәжірибесін бөлісті.
Семинар соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай кездесулердің балалар тәрбиесіндегі рөлі зор екенін атап өтті.