Біздің лицейдің командасы Көңілді тапқырлар лигасының аймақтық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, III орын иеленді. Сонымен қатар, команда Президент кубогына жолдама алды! 🏆
Ойын барысында оқушылардың тапқырлығы мен сахнадағы шеберлігі көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасын алып, ұжым «Ең үздік қойылым» номинациясын да жеңіп алды. 🎭✨
Сондай-ақ командамыздың мақтанышы – Берікқызы Мақпал Көңілді тапқырлар лигасының орталық аймақтық жарысында «Үздік ойыншы» атанды! Оның қажырлы еңбегі мен тапқырлығына таңданамыз. Мақпалдың жеңісі – бүкіл команда үшін үлкен қуаныш! 👏👏
Бұл жетістік – команданың бірлігі, еңбегі және шығармашылық талпынысының жемісі.
Лицей ұжымы @187_ui командасын жеңісімен шын жүректен құттықтайды! 💛
Алдағы уақытта да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🔥




