2025 жылдың 10–14 қараша аралығында мектебімізде ағылшын тілі апталығы (English Week) өткізілді. Апта бойы түрлі танымдық және шығармашылық сайыстар ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдері мен қабілеттерін ортаға салды.
Іс-шараларға 7–10 сынып оқушылары белсенді қатысып, ағылшын тілін меңгерудегі жетістіктерін, топпен жұмыс істеу және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Апталық аясында өткен байқаулар нәтижелері төмендегідей:
📘 7-сыныптар арасында өткен “Brain Rain” интеллектуалдық сайысы:
🥇 1 орын – 7 «Б» сыныбы
🥈 2 орын – 7 «А» сыныбы
🥉 3 орын – 7 «Д» және 7 «С» сыныптары
🎬 8-сыныптар арасында “Film Making” шығармашылық байқауы:
🥇 1 орын – 8 «Д» сыныбы
🥈 2 орын – 8 «С» сыныбы
🥉 3 орын – 8 «А» сыныбы
🎭 9-сыныптар арасында “Drama Performance” сайысы:
🥇 1 орын – 9 «А» және 9 «Д» сыныптары
🥈 2 орын – 9 «Б» сыныбы
🥉 3 орын – 9 «С» сыныбы
🧩 10-сыныптар арасында “Quest Game” ойыны:
🥇 1 орын – 10 «А» сыныбы
🥈 2 орын – 10 «Д» сыныбы
🥉 3 орын – 10 «Б» сыныбы
Апта бойы үлкен қоңыраулар кезінде оқушыларға арналған көңілді ойындар мен караоке ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
English Week апталығы жоғары деңгейде өтіп, әр сынып өз белсенділігі мен шығармашылық қабілетін көрсетті.
Осындай іс-шаралар оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, тілдік орта қалыптастыруға үлкен үлес қосты.




