2025 жылдың 27 қазан мен 1 қараша аралығында Жезқазған қаласында өткен Қаныш Сәтбаев атындағы химия пәні бойынша халықаралық олимпиадада лицейіміздің 9-сынып оқушысы Нұрлан Гаухар үздік нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – Гаухардың табандылығы мен еңбегінің, ұстаздарының сапалы дайындығы мен қолдауының жемісі.
Лицей ұжымын, жетекшілерін, ұстаздар мен тәрбиешілерді, сондай-ақ ата-анасын осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушымызға алдағы уақытта да жаңа белестер мен зор табыстар тілейміз!
Лицейіміздің намысын биікте ұстай бер, Гаухар!