Астана қаласындағы қыздарға арналған «Білім-Инновация» лицейінің түлегі, биылғы ҰБТ-да 140 балл жинаған Жанайым Рашит «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Ермаханұлымен кездесті.
Кездесу барысында Дархан Өте Жанайымның жетістігін жоғары бағалап, оны лицей түлектерінің мақтанышы әрі еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастарының жарқын үлгісі деп атап өтті.
– Жанайым – ұстаздарымыздың еңбегінің, сапалы білім мен саналы тәрбиенің нақты нәтижесі. Осындай жастар еліміздің болашағын айқындайды, – деді Дархан Ермаханұлы.
Қор президенті түлекке ерекше алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Жанайым өз кезегінде лицей мен ұстаздарына көрсеткен қолдауы мен сапалы білімі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта алған білімін ел игілігіне жұмсауға уәде етті.
Астана қыздар БИЛ ұжымы талантты түлегіміздің табысына қуанып, оған жаңа белестер мен сәттілік тілейді.