Бүгін лицейімізде жыл сайын дәстүрге айналған Ұстаздар күні салтанатты түрде аталып өтті. Бұл мереке – ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін дәріптейтін ерекше күн.
Мерекелік шараға лицей әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар қатысты. Іс-шара оқушылардың жылы лебіздері мен шығармашылық нөмірлерімен басталып, ұстаздарға арналған әндер мен би қойылымдары мерекенің сәнін келтірді.
Оқушылар өз ұстаздарына арнап жылы тілектерін айтып, гүл шоқтары мен шағын сыйлықтарын тарту етті.
📘 Ұстаздар күні – тек мереке емес, жүрек жылуы мен алғыстың күні. Бұл күнде әр оқушы өзіне білім мен тәрбие берген жандарға ризашылығын білдіреді. Барша ұстаздарға мейрамдарыңыз құтты болсын! 🌷




