8–12 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай лицейімізде тілдер апталығы ұйымдастырылды.
Апталықтың ашылу салтанатында 10-сынып оқушылары төрт тілде ән шырқап, ұстаздарымыз шашу шашты. Апта бойы қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінен түрлі іс-шаралар өткізілді.
12 қыркүйек күні 7–9 сыныптар арасында «Ұлттар фестивалі» өтті. Сайысқа қатысқан сыныптар әр халықтың дәстүрлерін, ұлттық ойындары мен тағамдарын таныстырып, ерекше өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
-
I орын – 7 «С» және 7 «Б» сыныптары
-
II орын – 8 «Б» және 8 «С» сыныптары
-
III орын – 9 «Б» сыныбы
Апталық оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді құрметтеуге баулыды.


