Астана қыздар «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Көңілді Тапқырлар Лигасының Президент кубогында жеңіске жетіп, ақтық кезеңге жолдама алды! Бұл сайыс жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдап, тапқырлықтарын көрсетуге зор мүмкіндік берді.
Кештің ерекше сәттерінің бірі – лицей түлегі, қазіргі таңда кәсіпкер ретінде танымал Алмас Жалидің жомарттық танытуы болды. Ол жеңімпаз командаға 500 000 теңге көлемінде сыйақы табыстап қана қоймай, ширатудан өткен төрт командаға да 500 000 теңгеден ұсынды. Бұл жас буынға деген қамқорлық пен қолдаудың жарқын үлгісі болды.
Мұндай сайыстар оқушылардың шығармашылығын дамытуға, өзіне деген сенімін арттыруға зор ықпал етеді. Жеңімпаз командаға алдағы ақтық кезеңде сәттілік тілейміз!