Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналар!
Астана қыздар “Білім-инновация” лицейіне оқуға түсу үшін қабылдау емтиханына тіркелу басталғанын қуана хабарлаймыз!
Тіркелу bilemtihan.kz сайты арқылы 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап сәуірдің 12-не дейін жалғасады. Конкурсқа іріктеу аудандық және қалалық емтихан орталықтарында 2025 жылғы 11 мамыр күні өтеді. Әр үміткер өзіне ыңғайлы емтихан орнын таңдай алады. Конкурстың қорытындыларын 19 мамыр күні жеке парақшасынан көре алады.
Конкурс ережелері мен шарттары туралы барлық ақпаратпен bilemtihan.kz сайтында таныса аласыздар. Барлық 6-сынып оқушыларын конкурсқа қатысуға шақырамыз!