29 Jan, 2025

Лицейімізде “Екі жұлдыз” сайысы өтті

29 Jan, 2025

Лицейімізде ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық байланысын нығайтуға бағытталған “Екі жұлдыз” өнер сайысы жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше байқауда мұғалімдер мен оқушылар жұптасып, өз өнерлерін көрсетті.

Шара барысында қатысушылар әсем ән шырқап, көркем би билеп, әсерлі көріністер қойып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жарыс тек өнер көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар ұстаз бен шәкірт арасындағы достықты, өзара құрмет пен қолдауды нығайтуға мүмкіндік берді.

Көрермендер әрбір өнерпазға ерекше ықыласпен қолдау көрсетіп, сайыс әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті. Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз! 🌟

«
»