19 Jan, 2025

Баскетболдан БИЛ мектептері арасындағы жарыста оқушыларымыз ІІ орын алды

19 Jan, 2025

Астана қаласындағы “Нұрорда” мектебінде “Білім-инновация” ХҚҚ-на қарасты мектептердің қыздары арасында республикалық баскетбол жарысы өтті.

Екі күнге созылған тартысты додада біздің қыздарымыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІ-орын иеленді!

Жеңімпаздар:

  • І орын – Алматы “Нұрорда” мектебінің қыздары
  • ІІ орын – Астана қыздар лицейінің қыздары
  • ІІІ орын – Павлодар қыздар лицейінің командасы

Жарыс барысында қыздарымыз қажырлылық пен шеберліктерін көрсете білді. Олардың жеңіске деген ұмтылысы мен жетекшісі Мәдина ханымның жетекшілігі команданы жүлделі орынға жеткізді.

Командамызды, Мәдина ханымды, ата-аналар мен лицей ұжымын осы жетістіктерімен құттықтаймыз!

Біздің оқушылардың жаңа белестерді бағындырарына сенімдіміз!

«
»