Лицейімізде ата-аналармен тәрбие сағаттарын өткізу – игі дәстүр. Алайда барлық сыныпта бір уақытта бірыңғай «Әкелер тәрбие сағатын» өткізу өткен жылы алғаш рет қолға алынған болатын.
Бүгін бұл бастама жалғасын тауып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» тақырыбында айлық құндылық сабақтары өтті. Әкелер келіп, оқушыларға тәртіп пен жауапкершілік, заңның қоғамдағы рөлі туралы әсерлі әңгімелер айтты.
Лицей әкімшілігі барлық белсенді әкелерге атсалысқандары үшін шынайы алғысын білдіреді. Бұл игі бастама балалардың бойына патриоттық рухты, тәртіпке бағынуды және жауапкершілікті дарытатынына сенімдіміз!