14 қаңтарда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “BILSura” айдарына қонаққа танымал документалист Әлия Әшім келді.
Ол “Ел болашағы – білімді ұрпақ” тақырыбында қыздарымызбен болашақ ұрпақты дамыту туралы өз ойын бөлісіп, тарихта өз орны бар атақты тұлғалардың өмірімен таныстырды.
Әлия Әшімнің сөздері оқушыларға үлкен мотивация мен болашаққа деген сенім сыйлады.