04 Oct, 2024

Оқушылар ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады

04 Oct, 2024

4 қазан күні мектебімізде ұстаздар мерекесі аталып өтті. Оқушылар ұлағатты ұстаздарын жылы лебізбен қарсы алды. Мұғалімдерге арналған таңғы ас кезінде мектеп директоры Уркимбаев Рахим мырза сөз сөйлеп, ұстаздарымызды мерейлі мерекемен құттықтады. Тәрбиешілер қызықты ойындар ұйымдастрып, таңғы астың қызықты өтуіне ат салысты. Мерекелік іс–шараның 2-бөлімі мектеп парламенті ұйымдастырған интелектуалды квестпен жалғасты. Қызықты квесттен соң, концерттік бағдарламаға кезек келді. Концерт барысында оқушылар өз бойларындағы бар өнерін ортаға салып, сүйікті ұсаздарын мерекесімен құттықтады.  

«
»