14 қыркүйек күні 8-сынып ата-аналары 7-сынып ата-аналарына Welcome party ұйымдастырды. Әр сыныптан бір команда шығып, волейбол сайысы өтті. 7Б сыныбы үшінші орын, 7С сыныбы екінші орынды иеленсе, 7А сыныбы жеңімпаз атанды. 7Д сыныбы “Ең ұйымшыл команда” деген атаққа ие болды. Төленді Серік “Үздік қорғаушы”, Байгереев Ербол “Үздік байланыстырушы”, Жаркимбаев Айтжан “Үздік шабуылшы”, Оразбаев Руслан “Көрермен көзайымы” номинациясымен марапатталды.