22 Nov, 2025

Астанада «KBO Seniors» олимпиадасының жабылу салтанаты өтті

22 Nov, 2025

8–9 қараша күндері еліміздің барлық өңірінде өткен «KBO Seniors» олимпиадасының Астана қаласы бойынша жабылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға «Астана дарыны» орталығының директоры Жанар Мәулетханқызы мен «Білім-инновация» қорының вице-президенті Қуат Бағдатұлы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарын табыстады.

Олимпиадаға қатысқан оқушылар білім мен ізденіс жолында өз қабілеттерін танытып, үздік нәтижелер көрсетті.

Лицей ұжымы барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтайды! 💐

«
»