Лицейімізде ата-аналар арасындағы волейбол турнирі өтті. Турнирге 7-11 сынып оқушыларының ата-аналары белсенді қатысып, тартысты ойын көрсетті. Әр топта жоғары дайындықпен келген командалар өз шеберліктерін танытты.
Жеңімпаздар:
- 1 орын – 7 «А» сыныбы
- 2 орын – 9 «А» сыныбы
- 3 орын – 11 «F» және 8 «D» сыныптары
Бұл турнир ата-аналардың командалық рухын көтеріп, спортқа деген қызығушылығын арттырған тамаша іс-шара болды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және келесі жарыстарда сәттілік тілейміз!