Ағылшын тілі апталығының ашылуы
11 қараша күні лицейімізде дәстүрлі Ағылшын тілі апталығы салтанатты түрде ашылды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, жұмбақтар шешкізіп, шағын сыйлықтар табыстады. Сап түзеу барысында 8 «С» сыныбы ашылу рәсіміне орай тамаша би орындап, апталықтың жоспарымен таныстырылды. Сонымен қатар лицей мұғалімдері үшін арнайы English Tea іс-шарасы өткізілді.
Апталық аясындағы іс-шаралар мен жеңімпаздар
- Quiz Time (7 сыныптар арасында)
- Жеңімпаз: 7 «В» сыныбы
- Караоке
- АКТ залында оқушылар ағылшын тілінде әндер орындап, өз өнерлерін көрсетті.
- Door Decoration
- I орын – 306 кабинет, 7 «В» сыныбы
- II орын – 313 кабинет, 8 «С» сыныбы
- III орын – 311 кабинет, 8 «Д» сыныбы
- Public Speaking
10-сынып оқушылары төмендегі тақырыптарда өз жобаларын таныстырып, ораторлық қабілеттерін шыңдады:- Kaliyeva Inkar (10c) – “The Effects of Lying”
- Tektigulova Korkem (10b) – “Are You Living on Autopilot?”
- Umbet Aiganym (10b) – “Stop dreaming! Start your real dream with the right goal”
- Bektai Aisanat (10c) – “Why child content in YouTube affects badly our future?”
- Dauletkhan Karakat (10a) – “The power of 1 percent rule”
- Murat Merey (10a) – “The art of saying no”
- Nurgaliyeva Inabat (10c) – “Minimalism”
- Madina Aidoskyzy (10b)
- Film Making
- Гран-при – 8 «Д» сыныбы
- I орын – 8 «В» сыныбы
- II орын – 8 «А» сыныбы
- III орын – 8 «С» сыныбы
- Ойындар
- 10 сынып оқушылары 7-8 сынып оқушыларына ағылшын тілінде түрлі ойындар ұйымдастырып, кіші буынның тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттырды.
Жабылу салтанаты
Апталықтың жабылу рәсімінде іс-шараларға белсенді қатысқан барлық оқушылар мен сыныптарға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды. Лицейімізде өткен бұл апталық оқушылардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыруға, білім көкжиегін кеңейтуге зор ықпал етті.