12 Oct, 2024

Бүгін лицейімізде түлектер кездесуі өтті

12 Oct, 2024

Бүгін біздің лицейімізде түлектер кездесуі өтті! Шараға лицейді 2024 жылы тәмамдаған 50 түлек қатысып, естеліктерімен бөлісті, ұстаздарына алғыс білдірді және лицей қабырғасындағы қызықты сәттерді еске алды.

Кездесуде түлектер мен ұстаздар арасында жылы сұхбаттар өтіп, түлектердің оқу орнындағы табыстары мен жетістіктері туралы сөз болды. Сонымен қатар, олар өздерінің болашақ жоспарларымен бөлісіп, кәсіби дамуларындағы алғашқы қадамдарын әңгімеледі.

Бұл кездесу жаңа буын оқушыларына үлгі болып, лицейдің берік достық пен білім ордасы екенін тағы бір дәлелдеді.

«
»