19 қазанда лицейіміздің ата-аналары арасында “Brain rain” зияткерлік сайысы өтті.
7-8-сынып ата-аналары арасындағы сайысқа 8 команда қатысты. “Бірлік” командасы 3-орын, “Old school” командасы 2-орын иеленсе, “8В stars” командасы жеңіске жетті.
Ал 9-11-сынып ата-аналары арасындағы білім бәйгесіне 11 команда қатысты. “Тақиялы періштелер” командасы 3-орынды қанжығасына байлады, “Зымыран” командасы” 2-орынға тұрақтаса, “Жалын” командасы жеңіс тұғырынан көрінді.