24 қазан лицейімізде Республика күніне орай бірнеше іс-шара өткізілді. Таңғы 8-ден бастап ұстаздар мен оқушыларды «Ерке сылқым» ансамблі домбырада тартып қарсы алды. 9-сыныптар арасында «Тарих беттеріне» атты интектуалды ойын өткізіліп, 9 с сыныбы жеңіске жетті.
Мерекелік іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, 7-11 сынып оқушыларының қатысты. Іс-шара барысында мемлекеттік ту салтанатты түрде көтеріліп, Әнұран орындалды. Концерттік бағдарламада «Ерке сылқым» ансамблі, 8-сынып оқушылары өлең жолдарын оқып, 11-сынып оқушысы «Туған жер» әнін айтты.
Барлық сыныпқа «Республикам – мақтанышым» атты сынып сағаттары өткізілді.