18 қазан күні мектебімізде 7 сыныптарға арналған «Welcome party» кеші өтті. 7-сынып оқушыларына кешке арнайы шақырту жіберіліп, ерекше қарсы алынды. Парламент ұйымдастырған концерттік бағдарламада мектебіміздің өнерлі оқушылары өнерін көрсетіп, мектебімізге жаңа түскен қыздардың жақсы көңіл көтеруіне ат салысты. Үлкен сыныптар ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа оқу жылына жетістік тілеп, кезекпен өз лебіздерін білдірді. Мектеп атынан кішігірім сыйлықтар табысталды.