Сәуірдің 17-сі мен мамырдың 5-і аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай  “Отан үшін от кешкендер” тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізу міндеттелген болатын. Лицейіміздегі 22 сынып түрлі форматта атаулы іс-шараны өткізді. Атап айтсақ, Арайлым Жүсіпбекованың жетекшілігімен 9 ф сыныбы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына барып, “Чем дальше мы уходим от войны …” атты қойылымды тамашалады. Оқушылар сұрапыл Ұлы Отан соғысының қанды оқиғаларын көре отырып, тарихтың өткені мен бүгінінің арасында тығыз байланыс барын, егер тарихты ұмытқан жағдайда болашақтан ажырайтынын ұқты. Музыкалық-поэтикалық композицияны тамашалау барысында әскери әдемі әуендер тыңдап, ескірмейтін естеліктер әлемімен қауышты.

     

10 сынып жетекшісі Зейнаб Дал Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырлары жөнінде презентациясын ұсынды. Оқушылар бұрын-соңды естімеген талай өр мінезді және қайсар рухты батырларымыздың болғандығына көз жеткізді.

     

АӘД пәнінің мұғалімі 10 А, В, С, D, Е, F, G сынып оқушыларының Алғашқы әскери және технологиялық дайындықтарын арттыру және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің маңызы мен тарихын біліп, соғыстың зардап-залалын ұғынып, батыр бабаларымызды ұлықтап, тағылымды тарихымыз жайлы тың мәліметтермен танысу мақсатында Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайына апарды.”Көзбен көр де, ішпен біл” демекші, тарих беттерінде ойып тұрып орын алған  Ұлы Отан сағысының құнды көріністеріне, мұраларына куә болды.

       

KZ   EN   RU