Лицейімізде Астана қаласы прокуратурасының 2023 жылғы 3 мамырдағы №2-16-23-09289 хаты негізінде қылмыстың алдын алу мақсатында лицейімізде қолжетімді орындарға, сондай-ақ бейнебақылау жүргізілмейтін орындарға (сыныптар, дәретханалар, дәліздер, акт және спорт залдары, асхана, кіреберістерге) лицей психологының, учаскелік инспекторы мен тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарының байланыс нөмірлеріне тікелей шығатын QR кодтар жасалып, орналастырылды.
Бұл балалар мен ата-аналарға кез-келген сұрақ бойынша (психологтардың кабинетіне жүгінбей) жылдам жауап алуға, сондай-ақ оқушылар арасында туындаған проблемалар бойынша уақтылы әрекет етуге және шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
https://taplink.cc/bil.komek немесе төменде берілген QR код бойынша байланысқа шығуға мүмкіндігіңіз бар: